Алматы мен Астанада доллар 517-523 теңгеден саудаланып жатыр

126

Ұлттық банктің 31 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 519,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,31 теңге. Еуро – 540,05, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы мен Астанада доллар 517-523 теңгеден саудаланып жатыр Фото: liter.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 521,9 теңге. Еуро 539-544 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 517,7 теңге, сатып алу құны – 523 теңге. Еуро 538,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,28 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 30 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге қымбаттап, 519,19 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу