Алматы мен Астанада студенттерге арналған жатақхана мәселесі әлі өзекті

279

Басқа аймақтарда тиісті мәселе шешімін тапқан. 

Алматы мен Астанада студенттерге арналған жатақхана мәселесі әлі өзекті Фото: "Қаржы Орталығы" АҚ

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Студенттер үшін оқу жылының басында маңызды мәселелердің бірі – жатақхана мәселесі. Бүгінгі күні Алматы мен Астана қалаларынан басқа барлық өңірлерде тапшылық мәселесі шешілді. Бұл мақсатта жатақханалар салуға арналған мемлекеттік тапсырыс механизмі оңтайландырылды. Бір орынға арналған норматив (АЕК) 40%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Бұл механизмдер заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар (student residence) форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік берді", - деді министр Үкімет отырысында.

Айтуынша, мұндай жатақханалар Алматы және Петропавл қалаларында пайдалануға беріледі.

"Жалпы 2024 жылға 10 576 орындық 27 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда 2369 орындық 10 жатақхана іске қосылды", - деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу