Авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлауынша, рейстер жолаушыларды жаздың соңына дейін тасымалдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Ұшу уақыты бір сағаттан аз уақытты алады. Бір жаққа билет құны 34 000 теңгеден басталады. Алматыдан ұшақ сағат 16:15-те ұшады.
Сұраныстың жоғары болуына байланысты авиакомпания алғаш рет Астанадан да Ыстықкөлге тікелей рейстерді іске қосады. Олар 3 шілдеден бастап 31 тамызға дейін қатынайды. Астанадан демалысқа дүйсенбі және жұма күндері аттануға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу