Үндістан мен Пәкістан арасындағы келіспеушіліктің салдарынан "Аэрофлот" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ташкентке қонды. Ұшақ Мәскеуден Бангкокке ұшып бара жатқан жолда бағытын тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ Air Astana компаниясының Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша ақпанның 27-і мен 28-не жоспарланған рейстер кейінге қалдырылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Бұдан бөлек, Делиден Алматыға ұшуға тиіс KC 908 рейсі де шегерілді.
Естеріңізге сала кетсек, Үндістан мен Пәкістанның әуе күштері арасындағы текетірес басталған. Ақпанның 26 күні үндістандық әуе күштері Пәкістанға қарасты Кашмир аумағына әуеден соққы жасаған. Ал келесі күні Исламабад Үндістанның екі әскери жойғышын атып түсіргені жайлы мәлімдеген.