Алматы мен Гонконг ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты

846

Алматы мен Гонконг ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты

Алматы әкімі Гонконгқа жұмыс сапары барысында өңірдің мемлекеттік және іскер ортасымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламмен жүздесті. Тараптар инвестициялық және туристік салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, қалақұрылысы саласы мен смарт- технологияны енгізу бойынша тәжірибе алмасты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Гонконгітің инвестиция және технология бойынша хатшысы Николас Янгпен, Қытай өндірушілерінің "The Chinese Manufacturers Association" ассоциациясымен кездесті. Бұлардан өзге Алматы делегациясы ғылыми және технологиялық парк жөніндегі Гонконг корпорациясының жұмысымен де танысты. Тараптар стартаптарды дамыту және қолдау, қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру мен жоғары технология салаларында жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.
Алматы делегациясы Гонконгтың жопарлау және инфрақұрылым жөніндегі көрме галереясында да болды, мұнда мегаполистер алдында тұрған міндеттер оларды шешу жолдары туралы айтылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша келер жылы Алматыда Гонконгтің саудасын дамыту жөніндегі кеңес өкілдігін ашу туралы келісімге қолжетті. Бұлардани өзге, Гонконг пен Алматыда сауда, инвестиция, инновация және ШОБ бойынша ынтымақтастықты нғыайту үшін "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Гонконгтің сауданы дамыту кеңесі арасында қажетті меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу