Алматы мен Гуанчжоу қалалары арасында тікелей рейс ашылды

175

Енді туристер Гуанчжоудан Қазақстанға тікелей рейспен жетіп, еліміздің көрікті жерлерімен таныса алады.  

Алматы мен Гуанчжоу қалалары арасында тікелей рейс ашылды Фото: baidu.com

Air Astana Алматы мен Қытайдың мегаполисі арасында жаңа тұрақты бағдарды ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KazakhTourism компаниясына сілтеме жасап.

Бұл екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды кеңейтуге жол ашады.

"Жаңа рейс аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Кестеге сәйкес ұшақ Гуанчжоудан таңғы сағат 06.50-де ұшып, Алматыға сағат 10.20-да келеді. Қазақстаннан рейс кешкі сағат 20.50-де жөнелтіледі және келесі күні сағат 05.45-те Гуанчжоуға қонады (барлық жерде жергілікті уақыттар жергілікті)", – делінген ресми хабарламада.

Өткен жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша, аспан асты елінен келушілер қатары 78% артып, 655 мың адамды құраған.

2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу