Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылады

120

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның хабарлауынша, 26 қазаннан бастап Алматы мен Мәскеу арасында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылады Фото: inbusiness.kz

Бұл бағытта № 7/8 "Алматы – Саратов" пойызының құрамындағы вагондар Саратов станциясына дейін барады. Одан әрі вагондар № 85/86 "Дербент – Мәскеу" пойызына тіркеліп, Мәскеуге жөнелтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мәскеуге тікелей баратын "Алматы – Мәскеу" бағытындағы вагондар күнара қатынайды. Құрамында бір купелік және бір плацкарт вагон болады, – деп нақтылады "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері.

Жолаушылар бұл бағытқа билеттерді онлайн түрде сатып ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу