Бұл туралы "Ресей темір жолы" порталы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– "Қазақстан темір жолы" компаниясымен келісе отырып, біз Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасын қалпына келтіріп жатырмыз. Пойыздар екі күн сайын қатынайтын болады, – делінген хабарламада.
Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 20:00-де № 7/8 Алматы–Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:27-де № 85/86 Мәскеу–Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу