Алматы мен Нұр-Сұлтанда қорғаныш костюмдерін өндіретін кәсіпорындар іске қосылады

948

Нәтижесінде айына қосымша 344 мың костюм шығару жоспарланған.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда  қорғаныш костюмдерін өндіретін кәсіпорындар іске қосылады

Елімізде 6кәсіпорын бір және көп рет пайдалануға болатын қорғаныш костюмдерін шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда қазір 6 кәсіпорын айына жарты миллионнан астам қорғаныш костюмдерін әзірлейді. Олар Алматы және Шымкент қалаларында, Павлодар, Орал және Алматы облыстарында орналасқан. ҚР ИИДМ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында осындай тағы екі өндіріс ошағын ашуға қолдау көрсетуде. Оларды іске қосқаннан кейін айына қосымша 344 мың костюм шығарылады",деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

Сонымен қатар елімізде дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттар өндірісі қолға алынған. 

"Қазақстанда 4 компания дене қызуын түсіретін 15 түрлі препарат шығарады.
Сондай-ақ, отандық 5 кәсіпорын вирусқа қарсы препараттардың 15 түрін өндіреді",деп жазылған хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу