Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмыссыз жастар көп

1761

Қыздар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ұлдарға қарағанда айтарлықтай жоғары. 

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмыссыз жастар көп

2021 жылдың үшінші тоқсанында 15-28 жастағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаладағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерге (3,2%) қарағанда айтарлықтай жоғары – 4,1%.

Салыстырар болсақ, жалпы Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, ал қала мен ауыл арасындағы айырмашылық шамалы (сәйкесінше 5% және 4,7%).

Еске салайық, қайғылы "қаңтар оқиғасынан" кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-шаралар жоспарын қабылдады. 

Атап айтқанда ол жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты мақсатты көздейді. Нақтырақ тоқталсақ, "Жастар тәжірибесі" және "Бірінші жұмыс" жобаларына өту шарттары жеңілдетіліп, жалақы ұлғайтылады.  

"Жастар тәжірибесі" жобасы бойынша 6 айға дейін, жалақысы 25 АЕК, "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша 24 ай мерзімге жұмысқа орналасады. Ал алғашқы жылы жұмыспен қамту орталығы 20 АЕК мөлшерінде еңбекақыны субсидиялайды.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құраса, қалада бұл көрсеткіш 3,6%-ға, ал ауылдық жерде небәрі 2,4%-ға жетті. Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай жоғары (4,4%).  Бұл ретте қала мен ауыл арасындағы алшақтық шамалы (қалада 4,5%, ауылдық жерде 4,1%).

Ел аймақтары арасында жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында (5,4%), одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) және Қарағанды ​​облысында (4,3%) тіркелді.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Атырау (2,5%), Ақтөбе (2,6%) және Павлодар (2,7%) облыстарында байқалады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу