Бұл туралы Clean Road компаниясының негізін қалаушы Антон Гочачко хабарлады. Жоба жетекшісі жаяу жүргінші жолақтары мен көлік тұрақтары арнайы жылыту құрылғыларымен жабдықталатынын айтады.
"Бұл стартап көшені қардан тазарту, жол салу мен оны жөндеуге жұмсалатын қаржының тиімділігін арттырады",– дейді Антон Гочачко.
Қазіргі кезде жобаға StartUp Kazakhstan акселерациясы нәтижесінде 31 мың доллар, яғни, 12 млн теңге бөлінген.
"Жаяу жүргінші жолдарын жылыту қыс мезгілінде, жаңбыр жауған кезде көшені қардан тазарту мен кептіруге жұмсалатын қаржыны үнемдейді. Қазіргі кезде біз Ресей мен Финляндияда жұмыс істеудеміз. Келесі жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда үш құрылыс компаниясымен жобаны бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан бүгінде олармен келіс сөздер жүргізіп жатырмыз",- дейді Clean Road компаниясының жетекшісі.
Жалпы 20 мың шаршы метр жолды жылыту құрылғыларымен жабдықтау үшін 500 мың доллардан 1 млн долларға дейін қаржы жұмсалуы мүмкін.
"Егер бұл жолдарды дұрыс пайдаланса аталмыш аумақ 50 жылға дейін жөндеу жұмыстарын қажет етпеуі мүмкін",– дейді жоба жетекшісі.
Тегтер: жол, жылы жолдар, Алматы, Нұр-Сұлтан, StartUp Kazakhstan