Алматы мен Прага арасында рейс іске қосылды Алматы мен Прага арасында әуе рейсі іске қосылды

308

Рейс аптасына екі рет қатынайды.

Алматы мен Прага арасында рейс іске қосылды Алматы мен Прага арасында әуе рейсі іске қосылды Фото: Almaty_akimdigi telegram

10 қазанда вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Airbus A330 ұшақтары бұл бағытта аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы Алматы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының арқасында жолаушылар бүкіл бағыт бойынша ғана емес, Алматы мен Прага арасында да жеке ұша алады.

2025 жылы Алматыға келген Вьетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен. Жаңа әуе бағыты екі ел арасындағы туристік байланысты нығайтып, Алматының вьетнамдық саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу