Алматы мен Rakuten Sports спорттық туризмді дамытуға келісті

223

Меморандум тәжірибе және ақпарат алмасуды, кәсіби байланысты дамытуды көздейді.  

Алматы мен Rakuten Sports спорттық туризмді дамытуға келісті Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы Tourism Bureau мен жапониялық Rakuten Sports спорттық және оқиғалық туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа Rakuten Sports делегациясының Алматыға сапары барысында қол қойылды. Кездесуде халықаралық спорттық іс-шаралар мен турнирлерді Алматыда өткізу, сондай-ақ оларды шетелдік нарықтарда таныту мәселелері талқыланды.

Тараптар бірлескен жобаларды дамыту, тәжірибе және ақпарат алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту бағыттарын қарастырды.

Rakuten Sports Жапонияның Rakuten Group технологиялық тобының құрамына кіреді. Компания кәсіби спорт клубтарымен серіктестік орнатып, спорт саласындағы халықаралық жобаларға қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу