Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу