Алматыдағы жеңіл рельсті көліктер Санкт-Петербург тәжірибесін қолдануы мүмкін

328

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Санкт-Петербург губернаторы Александр Бегловпен кездесті.  

Алматыдағы жеңіл рельсті көліктер Санкт-Петербург тәжірибесін қолдануы мүмкін Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Биыл Алматы мен Санкт-Петербург арасындағы серіктестік қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы уақыт ішінде екі қала түрлі салада тұрақты байланыс орнатты. Кездесуде ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Көлік инфрақұрылымын, соның ішінде жеңіл рельсті көлікті дамытуға ерекше назар аударылды. Алматы Санкт-Петербургтің қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ тараптар мәдениет, туризм, білім, ғылым және ақпараттық технология салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Университеттер, мәдениет мекемелері мен салалық ұйымдар арасындағы тікелей байланысты кеңейту қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу