Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейс қатынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді Air Arabia әуе компаниясы орындайды.
"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) қатынайды", - деп жазылған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.