Алматы мен ШҚО-да жоғалып кеткен тұрғындар өлі табылды

685

Олардың өлімінің мән-жайы айтылмады.  

Алматы мен ШҚО-да жоғалып кеткен тұрғындар өлі табылды Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Шығыс Қазақстан облысы мен Алматыда әр түрлі уақытта хабар ошарсыз кеткен 15 жастағы бала мен әйел өлі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz LIDER.KZ еріктілерінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

2008 жылы туған Нығматуллин Рамиль Валентинович 2 маусымда жоғалып кеткен. Ол Убинка ауылындағы (Шемонаиха ауданы) үйден шығып, Уба өзеніне қарай бет алған. Содан кейін оның қайда кеткені туралы ақапарат болмаған. 10 маусымда баланың қайтыс болғаны белгілі болды.

1976 жылы Алматыда туған Әлия Ерболатқызы Түкенова жоғалып кетті. 8 маусымда ол Медеу ауданы, Құлжа тасжолы бойындағы, "Восточка" тұрғын үй кешеніндегі мекенжайындағы үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. Әйел бағытынан адасып қалған және аутизммен ауыратыны анықталды. 11 маусым күні оның денесі табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу