Мамандардың айтуынша, ең ыстық ауа Шымкентте болады. Онда ауа температурасы 29 градусқа дейін жылыйды. Алматыда 25 градус ыстық күтілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал 10-нан кейін күн суытады.
Астана қаласының ауа райы болжамы
- 9 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы.
- 10 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
- 11 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 8-10 градус жылы.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
- 9 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
- 10 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
- 11 қазан: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
- 9 қазан: аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.
- 10 қазан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.
- 11 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ қатты жел соғады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 18-20 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтар ауа райының өзгеруіне дайындалу керек деп мәлімдеген болатын. Мамандардың болжауынша, алдағы күндері елде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу