"Алматы-Өскемен" тас жолының 558-615 шақырымында жол жабылды, деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Департаментің мәліметінше, республикалық маңызға ие трассаның аталған шақырымында сағат 18:45 шамасында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынған. Алматы облысы мен ШҚО-ның шекара аймағында қатты боран соғып, жол мүлдем көрінбейді.
Сондай-ақ солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сағат 16:00-ден бастап жауын-шашын түсіп, көріну нашарлағандықтан республикалық маңызы бар "Тимирязево – Сарыкөл" тасжолында барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды.
18:00-ден боран болып, көріну нашарлағандықтан "Екатеринбург-Алматы" (Чистополье ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін), "Көкшетау-Рузаевка" (Саумалкөл ауылы – Рузаевко ауылы), "Жезқазған- Петропавл" (Новоишим ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тасжолдары жабылды.