Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда "Smart city" жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті.
Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға "бір терезе" қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталықтың, индустриалды аймақтың, АЭА "Инновациялық технологиялар паркінің" әлеуеті көрсетілді.
Айта кетсек, Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.