Рейстер жазғы маусымда аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) және қысқы маусымда аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) орындалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшу ұзақтығы Варшавадан Алматыға қарай шамамен 6,5 сағат және кері бағытта шамамен бір сағатқа артық болады.
"Алматы – LOT Polish Airlines тұрақты маршруттық желісіндегі Қазақстанның екінші қаласы. Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Польшаның аймақтағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Бұл нарық іскерлік және туристік сапарлар үшін қызығушылық тудырады. Біз саяхаттың жаңа мүмкіндіктері көптеген жолаушыларды тартатынына сенімдіміз", – деп атап өтті LOT Polish Airlines маршруттық желісін жоспарлау жөніндегі департаменттің уәкілетті өкілі және директоры Роберт Людера.
LOT Polish Airlines (Польша әуе жолдары) – 1929 жылы құрылған Польшаның ұлттық тасымалдаушысы. Әуе тасымалдаушысы Star Alliance – әлемдегі ең ірі және көне авиациялық альянс Star Alliance мүшесі.