Алматы мен Варшава арасында жаңа әуе бағыты ашылды

320

Жаңа бағыт бойынша рейстер Boeing 737 MAX 8 ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады.    

Алматы мен Варшава арасында жаңа әуе бағыты ашылды Фото: gov.kz

2026 жылғы 31 мамырда Варшавадағы Фредерик Шопен атындағы халықаралық әуежайда Варшава – Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа тікелей әуе рейсінің ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа бағытты Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы жүзеге асырады. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, туристік сала өкілдерінің және әуе компаниясы басшылығының өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілі жаңа әуе бағытының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, тікелей рейс іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, туристік алмасуды арттыруға және азаматтар арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, LOT Polish Airlines 2017 жылдан бері Варшава мен Астана арасында тікелей рейстерді орындап келеді. Ал Алматы бағытының іске қосылуы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарын дамытудағы жаңа кезең ретінде бағалануда.

Варшава – Алматы бағыты бойынша рейстер Boeing 737 MAX 8 ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу