Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Алматыдан Ыстықкөлге жету үшін 460 шақырым жол жүру қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал жаңа төте жолдың ұзындығы 90 шақырым болмақ. Ол Ұзынағаштан басталып, Ыстықкөлге дейін тікелей жеткізетін бағытта салынады.
"Жол құрылысына Азия даму банкін тарту мәселесі қарастырылуда. Биыл техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастаймыз. Әр тарап өз аумағындағы жол құрылысын өзі қаржыландырады. Қырғызстан өз бөлігін, біз өзіміздің аумақтағы жолды қаржыландырамыз", – деді Марат Қарабаев.
Жаңа жолдың салынуы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетіп, Ыстықкөлге бару уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.