Алматы мен Жетісу облыстарының шекаралары белгіленді

617

Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы ҚР Премьер-Министрінің Қаулысы шықты.

Алматы мен Жетісу облыстарының шекаралары белгіленді

Қаулыға сәйкес, Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ осы құжатпен Жетісу облысының шекарасы белгіленетін болады. 

Тиісті шараларды қабылдау екі облыстың әкімдіктеріне жүктелді. 

Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу