Алматы метрополитенінің 2 стансасы маусым айында іске қосылады

654

Бұл туралы мегаполис басшысы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Алматы метрополитенінің 2 стансасы маусым айында іске қосылады

Қала әкімінің айтуынша, аталған ауданда көлік ағыны тым көп. Ал жүктемені азайтудың бір жолы метро стансаларын іске қосу. 

"Осы жылдың 15 маусымына дейін метрополитеннің 2 стансасын іске қосу жоспарлануда: "Сары-Арқа" және "Момышұлы". Бұл метродағы күнделікті жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", – деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар қалада Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жалғасуда. Ол үшін 270 жер учаскесін босату керек, оның ішінде 63 учаске бойынша сатып алу туралы келісім бар. 

"Өткен жылы ашылған Абай даңғылындағы Момышұлы көшесінен бастап алты жолақты учаске жүктемені азайтып, көлік легін таратады", – деді әкім. 

Еске сала кетсек, бұған дейін "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро стансалары мамыр айында іске қосылады деп хабарланған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу