12 қарашадан бастап Алматы метросы жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пойыздар 6:20-дан 24:00-ге дейін жүреді. Пойыздың жүру уақыты жолаушылардың сұранысы бойынша ұзартылды.
"Біз мегополис тұрғындары үшін метронды пайдалануда барынша қолайлы жағдай жасауды көздейміз. Келесі жылы платформаларда және метро станцияларындағы кассаларда пойыздың келу уақыты көрсетілетін ақпараттық дисплей орнатылады", - деп хабарлады "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 24 қазанда Алматы метросы үшін 8 электропойыз жеткізу жөнінде келісім жасалынған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу