Алматы метросына тағы сегіз станция қосылмақ

208

Екі жолақты желінің ұзындығы – 14 шақырым.

Алматы метросына тағы сегіз станция қосылмақ Фото: kolesa.kz

Жобаның техникалық құжатында жаңа метро желісі "Жібек Жолы" станциясынан бастап әуежайға дейін болатыны көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Желінің станциялары:

№1 – "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауыстырып міну торабы ұйымдастырылады;

№2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;

№3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында;

№4 – "Халық Арена" спорт кешенінің жанында;

№5 – "Шығыс" көлік ауыстырып міну торабы аумағында, "Жетісу" базарына қарама-қарсы бетінде;

№6 – "Апорт-2" сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында;

№7 – Нұршашқан ықшамауданының маңында;

№8 – әуежайдың жанында.

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу