Алматы метросында тыйым салынған заттардың тізімі жаңартылды

279

 Кейбір қозғалыс құралдарын алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынды. 

Алматы метросында тыйым салынған заттардың тізімі жаңартылды Фото: inform.kz

Алматы метросында жекелеген қозғалыс құралдарын алып кіруге және тасымалдауға қатысты жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы метрополитенінің әкімшілігі 2026 жылдың 23 маусымындағы3 № 519 бұйрыққа сәйкес, жолаушылар мен метрополитен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір қозғалыс құралдарын алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынғанын хабарлады. Олар:

- электрлі велосипедтер;

- электрлі самокаттар;

- велосипедтер (балалар велосипедтерін қоспағанда);

- роликті тақталар (скейтбордтар);

- электрлі монодөңгелектер (моноциклдер) және өзге де осыған ұқсас қозғалыс құралдары.

Шектеу қолданылмайды:

- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес велосипедтерге;

- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес өзге де осыған ұқсас қозғалыс құралдарына;

- балалар арбаларына;

- мүгедектердің кресло-арбаларына.

"Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, метрополитенді пайдалану қағидаларын сақтауларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады метро баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу