Алматы метросында биыл жолаушылардан ондаған пышақ тәркіленді

330

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Алматы метросында биыл жолаушылардан ондаған пышақ тәркіленді Фото: ЖИ

Алматы метрополитенінде жыл басынан бері тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 310 азамат анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлердің мәліметінше, күн сайын метро қызметін 110–130 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Осыған байланысты қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып келеді.

Жүргізілген тексерулер барысында заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат және төрт оқ-дәрі тәркіленген.

Жалпы, биыл метро аумағында 300-ден астам тыйым салынған зат анықталған. Қазіргі уақытта метро станцияларында қауіпсіздікті бақылау үшін 604 бейнекамера орнатылған.

Оның бірқатары адамды нақты уақыт режимінде тану мүмкіндігімен жабдықталған. Бұл жүйе құқық бұзушылықтардың алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу