Алматы метросында электр пойыздар 3 минут сайын жүретін болды

177

 Алматы метросында қарбалас сәтте жүретін электр пойыздардың саны көбейді.

Алматы метросында электр пойыздар 3 минут сайын жүретін болды  Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ресми мәліметке сәйкес, қосымша 2 электр пойыз қосылуының арқасында таңертең және кешке жолаушыларға күту уақыты 3 минут 6 секундқа дейін азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Енді бір уақытта 13 құрам қозғалыста болады, бұл жолаушылардың жиналып қалуының алдын алуға және жол жүрудің жайлылығын арттыруға көмектеседі. Метрополитен мамандары жолаушылар легін үнемі бақылап, пойыз қозғалысының кестесіне қажетті жедел өзгеріс енгізіп отырады,  деп хабарлады "Алматы жолы" телеграм-арнасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу