Алматы метросында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері орындалды

1147

Алматы метросында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері орындалды

Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 18 өнерпазы бір уақытта жерасты вагонының ішін әсем әуенге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күмбірлеген күй метро жолаушыларының көңілін серпілтті. Жұртшылық флешмобты жаппай суретке, видеоға түсіре бастады. Ұлттық киім киген күйшілер "Мұхтар Әуезов атындағы театр" бекетінен Райымбек бекетіне дейін домбыра тартты.  

"Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық оркестрі ұжымының атынан елбасымызға алғыс айтамыз. Күй мерекесі - барша домбырашылар мен өнерпаздар үшін үлкен серпіліс болмақ. Домбыра күні аясында Құрманғазы атындағы оркестр өзінің ауқымды іс-шараларын қолға алып отыр. Басты шара - қазақ елі алаңында өтетін "Домбыра - асыл мұра" атты үлкен концерттік іс-шара. Алматы метрополитенінде Құрманғазы оркестрінің домбырашылары "Көроғлы", "Қос алқа", "Жігер" "Топан" күйлерін орындады. Ал 1 шілде күні өтетін күй шеруінде аталған шығармаларды 3 мың өнерпаздың орындауында тыңдай аласыздар", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу