Алматы метросында пышақ пен кісен ұстаған жолаушы ұсталды

329

Ер адам полиция басқармасына жеткізілді.

Алматы метросында пышақ пен кісен ұстаған жолаушы ұсталды Фото: inbusiness.kz

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылды. Күмәнді заттар тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Райымбек" станциясында полиция қызметкерлері мен көліктегі қауіпсіздік қызметінің мамандары бірлесіп тексеру жүргізген. 

"Рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен арнайы құрал – кісен анықталды. Ер адам ұсталып, одан әрі мән-жайды анықтау үшін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды", – деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу