Тегін WI-FI Алматыдағы барлық метро станциясында қол жетімді, деп хабарлады inbusiness.kz метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Байланыс метроға кіре берісте, станцияға кірер алдында жасалуы керек. WI-FI-ға қол жеткізу үшін METRO желісіне қосылу керек, WI-FI пайдаланушыны сәйкестендіру парағына автоматты түрде бағыттайды. Содан кейін ашылған жерге өзіңіздің телефон нөміріңізді жазып, қосылғаныңызды расттау қажет", - делінген сайттағы хабарламада.
Қазақстандағы жалғыз Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу