Алматы метросында жолақыны QR-код арқылы төлеуге болады

567

16 сәуірден бастап Алматы метросында жолақыны төлеудің жаңа тәсілі – QR-код арқылы төлем жасау жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. 

Алматы метросында жолақыны QR-код арқылы төлеуге болады Фото: Алматы әкімдігі

Метрополитен таратқан мәліметке сәйкес, бұл баламалы төлем түрі жолаушыларға интернетке қосылмай-ақ Onay мобильді қосымшасы арқылы жолақы төлеуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жаңа шешім жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген және метро қызметін барынша ыңғайлы етуге бағытталған.

"Алматы метросы – қаланың көлік жүйесінің маңызды бөлігі. Күн сайын метроны 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланады. Олардың 65%-дан астамы Onay бірыңғай көлік картасы арқылы төлем жасайды. QR арқылы төлеу – қосымша мүмкіндік қана, ал қолданыстағы барлық төлем тәсілдері бұрынғыдай қолжетімді болады", – деп хабарлады метрополитен өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу