Алматы метросында жолаушылар саны 5,3% қысқарды

1053

Бұл өзгеріс эпидемиологиялық ахуалға байланысты.  

Алматы метросында жолаушылар саны 5,3% қысқарды

Алматы метросы 2021 жылғы қаңтар-маусымда 3,6 млн жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Metropolitan коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы қаңтар-маусымда 3,8 млн жолаушы тасымалданды.  Осылайша, өткен алты айда жолаушылар саны 5,3%-ға төмендеді.

"Алматы метрополитенінде жолаушылар санының төмендеуі Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалмен және Алматы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмайтын шектеу шараларының енгізілуімен байланысты", – деп қосты ведомство.

Еске сала кетсек, Алматы метросының бірінші кезеңі 2011 жылдың 1 желтоқсанында, екіншісі - 2015 жылдың сәуірінде пайдалануға берілді.

11,34 шақырым жолда тоғыз станса бар: Райымбек, Жібек Жолы, ​​Алмалы, Абай, Байқоңыр, Әуезов атындағы драма театр және Алатау, Мәскеу және Сайран.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу