Алматы метросындағы турникеттер жаңғыртылады

95

Күзден бастап жолақыны турникетте бірден төлеуге болады.    

Алматы метросындағы турникеттер жаңғыртылады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала басшылығы осылайша жолаушыларға тез әрі ыңғайлы қызмет көрсету әдісіне көшпек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол ақысын лезде төлеу үшін банк картасын немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қосымшасы бар смартфонды турникетке жақындату жеткілікті. Қазір банк картасымен тек кассада немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болады.

Не өзгереді?

  1. Енді жетон сатып алудың немесе көлік картасын толтырудың қажеті жоқ;
  2. Барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады;
  3. Өту жылдамырақ әрі ыңғайлы болады.

Бұл шешім қала қонақтары мен метрополитенді сирек пайдаланатындар үшін өте ыңғайлы.

"Турникеттерді жаңғырту – қалалық көлік сапасын жақсартуға және жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі", - делінген Алматы метрополитені таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу