Алматы метросының акциялары сатылады

872

Алматы метросының акциялары сатылады

"Алматыметроқұрылыс" 60,7 пайыз үлесін аукционға қойды, деп хабарлайды naryk.kz.

Сауда 2017 жылдың 11 қазанына тағайындалды. Лоттың бастапқы бағасы — 2,6 млрд теңге, кепілдік жарна — 68 млн теңге.

Аукцион көтерме баға әдісімен өтеді. Invest Capital-дың бағамдауынша 2017 жылғы 25 шілдедегі үлесінің бағалау құны 2,6 млрд теңгені құрайды.

Алматы қаласы қаржы департаментінің деректері бойынша, компанияның 60,7 пайыз үлесі коммуналдық меншікте, қалған 39,3 пайызы — "Инженерлік қолдау" компанияларында. Сондай-ақ, 2017 жылы "Алматыметроқұрылыс" Сарыарқа – Достық желісін салу үшін 5,4 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған.

Invest Capital — тәуелсіз бағалау компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу