Алматы метросының кей бекеттерінде жолаушылар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр

121

Желі қолданушыларының айтуынша, турникеттерде QR-код және банк картасы арқылы жолақы төлеу мүмкін болмай қалған.

Алматы метросының кей бекеттерінде жолаушылар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр Фото: el_pistooolerooo

Бұған дейін аталған қызмет түрлері қолжетімді болған. Мәселеге байланысты Алматы метрополитені ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматы метросында "Оңай" QR-коды арқылы төлем пилоттық режимде сынақтан өткен. Тестілеу кезінде QR-кодты қабылдау процесінің баяу жүретіні анықталды, бұл әсіресе қарбалас уақытта кезектердің пайда болуына себеп болды. Сол себепті QR-код арқылы төлем функциясы жүйенің тұрақтылығын арттыру және техникалық жетілдіру жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды", – деп хабарлады метро әкімшілігі.

Қазір жолаушылар метроға тек "Оңай" картасы немесе қолма-қол төлем арқылы өте алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу