26 қаңтар күні таңертең Райымбек стансасында ақпараттық желі істен шықты. Осыған байланысты, метродағы пойыздар қолмен басқару режиміне көшірілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Метрополитен Алматы" МКК-не сілтеме жасап хабарлайды.
Осы тұрғыда, барлық станциялардағы қозғалыс аралығы ұлғайтылды.
"Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Қазір метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алаңдауға негіз жоқ", - деп түсіндірді "Метрополитен Алматы" МКК-нің қызметкерлері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу