"Almaty Mount Fest" фестивалі 29 қыркүйекте ашылады

398

Халықаралық тау спорты фестиваліне қатысушыларды тіркеу аяқталып жатыр. 

"Almaty Mount Fest" фестивалі 29 қыркүйекте ашылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жыл сайынғы Almaty Mount Fest фестивалі 29 қыркүйек күні сағат 15.00-де Абай алаңында салнататты түрде ашылады. Бұл күні тіркелген спортшылар старттық пакеттерін алып, кейінгі екі күнде таулы жердегі қиындықтарды бағындырып, жеңіске жету үшін бар ерік-жігерін салып, төзімділік пен шыдамдылық танытуы керек. 

Фестиваль күндері белсенді спортты ұнататындар туриада, downhill, skyrunning және альпиниадада бақ сынап көреді. Белсенді жарыстардан бөлек, алматылықтар мен қала қонақтарына ауқымды мәдени-сауықтық бағдарлама да ұсынылмақ. Бағдарлама аясында ырғақты DJ-сеттері, тақырыптық шеберлік-сағаттары, байқаулар, сонымен қатар, тау туризмі гидтері мен нұсқаушыларының білімін жетілдіруге арналған Shymbulak Outdoor Meetings кездесуі ұйымдастырылады.

Жарыстарға және іскерлік Форумға тіркелген қатысушылардың жайлы жүріп-тұруы үшін, әрі 1 қазан күні жолдардың ішінара жабылуына байланысты "Шымбұлақ" ТК тегін автобустар ұсынып отыр. Олар 1 және 2 қазан күндері Абай көшесі мен Достық даңғылының қиылысынан сағат 8:00-ден қатынай бастайды. Оған қоса, Алматы әкімдігі іс-шара өтетін күндері "Медеу" мұз айдынына дейін қатынайтын №12 қалалық автобус бағыттарына қосымша автобустар жібереді.

Almaty Mount Fest 2023 бағдарламасы:

29 қыркүйек 2023 ж.

  • Абай алаңындағы салтанатты ашылу рәсімі, старттық пакеттер беру, БАҚ тіркеу;

30 қыркүйек 2023 ж.

  • бұқаралық туристік жорық (ТУРИАДА), онда 6 мен 14 жас аралығындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы дайындалған бағыттар да бар;
  • тау велосипедімен төмен түсу жарысы (DOWNHILL);

1 қазан 2023 ж.

  • таулы жерде жүгіру жарысы (SKYRUNNING);
  • "Молодежный" шыңына жаппай көтерілу (АЛЬПИНИАДА).

2 қазан 2023 ж.

  • "Тау туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында өтетін халықаралық іскерлік форум;
  • салтанатты жабылу рәсімі.

Еске салсақ, Фестиваль өтетін негізгі жерлер – "Медеу" ТСК мен "Шымбұлақ" ТК.   Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған фестиваль 4 күн қатарынан өтеді. Фестиваль туралы қосымша ақпаратты сайттан алуға болады.   

Фестивальге қатысу үшін аккредитациядан өткен журналистер БАҚ арналған бейдждерді 26 қыркүйек (жұма) Абай алаңында сағат 16:00 мен 19:00 аралығында баспасөз-орталығының қызметкерлерінен ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу