Алматы-Мумбай әуе рейсі ашылады

1172

Air Astana жаңа рейсті 1 маусымда іске қоспақшы.

Алматы-Мумбай әуе рейсі ашылады

Алматы мен Үндістанның Мумбай қаласы арасына тікелей ұшақ қатынайтын болды. Air Astana әуе компаниясы аталмыш бағытқа Airbus A320 ұшағын қатынайтынын мәлім етті.

Рейс 1 маусымнан бастап аптасына 4 рет қатынайды деген жоспар бар. Бұл Алматы мен Мумбай арасында дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері тұрақты ұшақ қатынайды деген сөз. 

"Дүйсенбі мен сейсенбі күндері ұшақ Алматы уақыты бойынша сағаты 07:05-те көкке көтеріліп, Мумбайға сағат11:05-те қонады. Ал қайтарда Мумбайдан сағат 12.05-те ұшып шығып, Алматыға 16.55-те жетеді. Бейсенбі мен сенбі күндері Алматыдан сағат 22.10-да шығып, Мумбайға келесі күні 03.10-да қонады. Ұшу уақыты – 4,5 сағат", – делінген әуе комипаниясының мәліметінде. 
  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу