Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне ауысты

122

Музей енді түнгі 00:00-ге дейін ашық болады.

Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне ауысты Фото: gov.kz

Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі санитарлық күн болып саналады.

Жұмыс кестесіндегі өзгеріс музейге жұмыстан немесе оқудан кейін келуге ыңғайлы болу үшін енгізілді.

Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты таныстыратын ірі мәдени орталық. Алматы қаласының тарихын көне дәуірден бүгінгі күнге дейін қамтитын музейдің экспозициялық кеңістігі 11 залдан тұрады.

Алматы музейінің мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 132.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу