Алматы музейлері кіру билетін сатудан 60 млн теңгеден астам ақша тауып, жоспарды 200%-ға асыра орындады

314

Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев мәлімдеді.  

 Алматы музейлері кіру билетін сатудан 60 млн теңгеден астам ақша тауып, жоспарды 200%-ға асыра орындады Фото: adyrna.kz

Өткен жылы өнер сүйер қауым үшін 73 көрме ұйымдастырылып, оған 125 230 адам қатысты – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Билет бағасы 250 теңгеден және одан жоғары, бұл ретте балаларға, зейнеткерлер мен студенттерге жеңілдіктер бар.

Қала мұражайлары халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда: халықаралық ұйымдармен 15 меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде көрмелер өткізілді.

Қала басшылығының қолдауымен мұражай қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға көтеру маңызды жетістік болды. Сонымен қатар, қызметкерлер ғылыми конференцияларға қатысып, Францияның жетекші мұражайларында оқыды.

Алматыда 8 мұражай жұмыс істейді, олардың әрқайсысы тарих пен мәдениеттің бірегей қоймасы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу