Алматы музейлеріне оқушылар енді тегін кіре алады

480

Бұл балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.

Алматы музейлеріне оқушылар енді тегін кіре алады Фото: Алматы әкімдігі

24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі қол қойған бұл шешім білім беру процесін байытып, мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.

Әкімдікте хабарланғандай, елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек. Алматы әкімдігіне қарасты музейлер оқушылар мереке күндері және оқу жылында бара алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу