Алматы қаласының мәдениет басқармасы жариялаған "Наурыз мейрамы – 2023" көрікті жерлерін безендірудің үздік дизайнына арналған байқау аяқталды.
Жеңімпаздарды дизайнерлер одағының, суретшілер одағының, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы таңдады.
Қаланы билбордтармен безендіру бойынша конкурс барлық ниет білдірушілер арасында өткізілді.
Бірінші орын Динара Абраеваға, екінші орын-Амантур Бейсенбиновке, үшінші орын – Нұржан Ибраевке берілді.
Жеңімпаздардың жұмыстары Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарында орналастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу