Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
"Осылайша, "Uzbekistan Airways" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық „Эйрбас-А320“ ұшағында орындалады", - делінген хабарламада.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.