"Алматы - Нұр-Сұлтан" бағытында 74 жолаушы ұшты

961

Әуе компаниялары басқа қалаларға рейстерді 11 мамырдан кейін  қалпына келтіруді жоспарлап отыр.  

"Алматы - Нұр-Сұлтан" бағытында 74 жолаушы ұшты

Бүгін "Эйр Астананың" карантин кезіндегі алғашқы рейсімен Алматыдан Нұр-Сұлтанға 74, кері бағытта 109 жолаушы ұшқан. 

Бұл туралы компания басшысы Питер Фостер баспасөз мәслихатында айтты. 

Оның сөзінше ұшақ борттарының толмауы экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Мәселен бүгін ұшқан Airbus-321 ұшағында 179 орын бар. Екі бағытта оның тек жартысы ғана толған. 

Сондықтан, тарифтер көтерілуі мүмкін. Алайда ол туралы карантиндік шектеу шараларынан кейін белгілі болады. 

Еске сала кетсек, 30 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында "Эйр Астананың" стратегиялық даму және үкіметпен байланыс жөніндегі вице-президенті Ердәулет Шәмшиев қазіргі тарифтердің 10 мамырға дейін жарамды болатынын айтқан еді. 
Питер Фостердің айтуынша, компания басқа қалаларға ішкі рейстерді карантин аяқталысымен қалпына келтіруді жоспарлап отыр. 

"Қазір режимді аяқтау немесе ұзарту туралы шешімді күтіп отырмыз", – деді компания басшысы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу