Ұйғыр орталық аудандық ауруханасының есепшісі мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың 90 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметтер бойынша, бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына келісімшарттардың орындалуына кепілдік түрінде салған.
Азаматша аудандық аурухананың есепшісі бола тұра, осы қаражатты өз шотына аудару арқылы ақша жымқырған.
Талдау жұмыстарының барысында Алматы облыстық прокуратурасы 25 кәсіпкерге қайтарылуға болатын тағы 50 миллион теңгенің заң бұзушылықтарын анықтаған болатын.
Прокуратураның қадағалау актісімен қаражаттың бір бөлігі кәсіпкерлік субъектілеріне өтелді.
Заңда мердігерлер келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін шарт құнының 3%-ын тапсырыс берушілердің шоттарына салады. Бұл қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.