Қанат Болатұлы Есболатов 1982 жылы туған. Білімі жоғары. Д. Қонаев атындағы университетті "заңгер", Қазақ ұлттық аграрлық университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында "Досанов К.С." шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастады.
Әр жылдары Алматы облыстық Қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша біржолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, біржолғы талондарды беру және тіркеу жөніндегі аға инспекторы, "Magaron & K" ЖШС қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылының әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.
2017 жылдың желтоқсанынан Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.