Алматы облысында 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды

652

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы облысында 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды Фото: don24.ru

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деп түсіндірді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу